30 қарашада Астанада Оқушылар сарайында ASTEX Astana Smart City-2016 халықаралық форум-көрмесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

 

Шараның негізгі мақсаты барлық ресурстардың, тұрғындардың қажеттіліктерінің жан-жақты тепе-теңдігін қамтамасыз ететін қалалық инфрақұрылымның интеллектуалды дамуына ықпал ететін «ақылды қалаларды» құру мәселелерін талқылау болып табылады.

 

Форум-көрмеде АТ компаниялардың жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру, SchoolBus «Smart мектеп»; «Smart емхана»; e-ПИК; 109 қызметі, Ұлттық ГАЖ жүйесін құру; Smarttracking және т.б. АКТ-жобалары ұсынылады.

 

Бұдан басқа, ASTEX Astana Smart City: «Сынақтар, перспективалар және стандарттау» конференциясын өткізу жоспарланған.

 

Конференцияда екі сессия өтеді, олардың бірі ақылды қалалар мен стандарттарды құруға арналған, ал екіншісі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған смарт шешімдерді анықтайды.

 

Форумда «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Әлнұр Ермағамбетов Қазақстан елордасында «AstanaSmartCiti-жобалар» бағдарламасын жүзеге асыру жайлы айтып береді. «Ақылды қаланы» құрудағы маңызды смарт шешім – Ұлттық геоақпараттық жүйе мемлекеттік жобасы болып табылады, бұл жоба жайында «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің ҰГАЖ жобасының жетекшісі Қуат Сағадиев толық мәлімет береді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер