Болашақты смарт-технологиясыз елестету мүмкін емес, дейді ақтаулық жас ғалым. Бақытжан Мұхаммед жергілікті робототехника үйірмесін басқарады. Бұл құрылғы науқастарға дәрі-дәрмек пен су апарып беретін медбикенің көмекшісіне айналуы мүмкін. Ал мынау - зағип жандарға арналған тақия.

 

Сәттіғали ЖОЛДАСБАЙ, ҮЙІРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Алдында тұрған кедергіні олар осы тақия арқылы байқап, вибромотор арқылы сезінген жағдайда өзінің жүрісін жөндеп, дұрыс жүре бастайды.

 

Үйірмеге қатысушылар әр жобасының қоғамға пайдалы болуына аса мән береді. Бақытжан Мұхаммедтің талапты жеткіншектермен жұмыс істеп  жүргеніне көп бола қоймаған, әйтсе де, шәкірттерінің жетістіктері орасан. Жуырда Ақтөбеде өткен республикалық робототехника байқауында бірінші орынды иеленді. Зертханада пайда болған әр жоба балалардың қиялынан туған. Үйірмедегі 50 жасөспірім 20 жобадан тұратын арнайы топтама даярлаған. Бәрі де қамқорлыққа зәру жандар үшін.

 

Бақытжан МҰХАММЕД, РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Күн энегриясынан алатын роботтарды жасағымыз келеді. Тоққа жалғанбай, күн энергиясы арқылы акумулляторды зарядтап, өзі көптеген жұмыстарды анықтайды. Мысалы, медициналық роботтар, өнеркісіпте, мұнай саласында, мұнай-газ саласына қатысты, мұнай өндірісіне қатысты жоба жасап жатырмыз.

 

Бақытжан бастаған жас ғалымдар алдағы 2017 жылы елімізде өтетін ЕХРО көрмесіне қатысуды ниет етіп отыр. Сол үшін қазір күн батареясынан қуат алатын құлтемір жасап жатыр. Халықаралық көрме көрермендері бұл идеяны да бағалайды деген сенім бар.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер