Инновациялық экономиканың дамуы – жарқын болашақтың кепілі. Сол себепті елімізде өндіріс саласындағы ғылыми жобаларға басымдық берілуде. Осы ретте Шығыс Қазақстандағы ірі кәсіпорындарда 10 жаңа ғылыми жоба жүзеге асырылады. Мәселен, Үлбі металлургиялық зауыты облыстағы техникалық университетпен бірлесе отырып, магниттік-резонанстық томография жасауға арналған өткізгіштер өндіруді қолға алады. Ал «Қазмырыш» кәсіпорны төменгі сұрыпты концентраттарды атмосфералық сілтіден айыру технологиясын игеріп, қорғасын мен мырыш алудың пирометаллургиялық әдістерін жетілдіруді діттеп отыр. Бұл туралы жоғары оқу орындары мен алпауыт зауыттардың басшылығы бас қосқан кездесуде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин мәлімдеді. Сапар аясында делегация мүшелері көлік құрастыру зауытында болып, оның құрылысына жеңілдікпен несие беру жайын талқылады. Өңірдің өндірістік саласын жоғары бағалаған Асқар Мамин тың жобаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. 

 

Қуат ТҰМАБАЕВ, ШҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сол 10 жоба бүгінгі кеңесте талқыланды. Кеңестен кейін Қазақстан республикасының Премьер-министрінің 1-ші орынбасары Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. Осы жобалар 2017 жылдан бастап іске асырылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер