БҰҰ Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана ЕХРО» көрмесі аясында жасыл технологияларды ілгерілету бойынша халықаралық хаб құру жөніндегі идеясын қолдайды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Еуропа өңірлік бюросының директоры Ян Дусик мәлімдеді. Ол ұйым Қазақстанмен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы базасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық құруға ниетті екенін айтты.  Өз кезегінде Ахметжан Есімов Астана төрінде өтетін көрменің тақырыбы БҰҰ-ның бөлімшесі айналысатын өзекті мәселелермен үндес екенін атап өтті. 

 

«Болашақ энергиясы» деп аталған халықаралық шараға 105 ел мен 17 халықаралық ұйым қатысатынын растады. Соның бірі - Италия Республикасы. Осы елдің Фриули-Венеция-Джулия өңірі Қазақстанға өзінің ең үздік инновациялық жобаларын әкелмек. Бұл туралы өңір президенті Дебора Серраккиани «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесуде мәлім етті. Италияның Фриули-Венеция-Джулия өңірі дамыған ғылыми-зерттеу кластерімен, қалаларды басқару жөніндегі сандық технологиясымен аты шыққан.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер