Белград қаласында Қазақстан көшесi пайда болады. Бұл туралы бүгiн Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Сербия премьер-министрi Александр Вучич үкiметте өткен баспасөз мәслихатында мәлiм еттi, деп хабарлайды Baq.kz.

 

«Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Сербияға сапарынан кейiн өзара қарым-қатынасты нығайтудың жаңа мүмкiндiктерi пайда болды. Бұл мүмкiндiктердi экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту үшiн пайдалану қажет. Осыған байланысты Белградта ескерткiштiң, ал ертең Астанада Никола Тесла атындағы көшенiң ашылуы және Қазақстан көшесiнiң Белградта пайда болуы бiздiң елдерiмiздiң арасындағы қарым-қатынастың дамуына ықпал етедi», - дедi А.Вучич.

 

Айта кетейiк, бүгiн ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия премьер-министрi Александр Вучичпен кездесу өткiзiп, екi елдiң ынтымақтастығын дамытуға қатысты бiрқатар маңызды мәселелердi талқылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер