Орталық Азия аймағындағы  кәсіпкерлікті дамытуға бірнеше ел атсалыспақ.  Мұндай келісім Қазақстан, Беларусь, Ресей және Моңғолия  арасында жасалды.  Астанада  өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің  V  форумына 30-дан астам ел өкілі қатысты. Жиында бизнес пен мемлекет арасындағы байланыс, «жасыл экономикаға» бет бұру және франчайзинг саласындағы үздік  тәжірибелер талқыланды. Қазақстандық тарап шетелдік меймандарды елімізде бизнесті қолдау бойынша іске асырылып отырған  шаралармен  таныстырды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылған 6 жылда 300 мың жұмыс орны ашылған. Ал шағын және орта бизнесті несиелеу бойынша Қазақстан 2010-2014 жылдар аралығында әлемдік көшбасшыларға жақындап отыр, деді өз сөзінде «Даму» қорының басқарма  төрағасы  Қаныш Төлеушин. 

 

Қаныш ТӨЛЕУШИН,  «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА  ТӨРАҒАСЫ:

Біздің қорымыз екінші деңгейлі банктер несиелендіретін әрбір бесінші қарыз алушыға қолдау көрсетеді.   Соңғы 8-9 жылда 35 мың жоба қаржыландырылды. Бұл бүтін бір аймақтағы барлық шағын және орта бизнес субъектілерінің санымен пара-пар.

 

Мемлекетке қаражат салық түрінде тиімді қайтарылады, дейді «Даму» қорының басқарма төрағасы. Олардың көлемі  берілген субсидия сомасынан 4 есеге артық.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер