Қазақстандық агрономдар өнім алуда инновациялық тәсілдерге басымдық беруде. Оралда алманың жаңа сұрыптары өсірілмек. 100 жылдан астам тарихы бар ауылшаруашылық тәжірибелік стансасының мамандары алманың тез пісетін сортын жергілікті жерге қарай  бейімдей бастады.

 

Ажар ШӘУЛЕНОВА, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СТАНСАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл көшеттер -тың тәжірибелердің нәтижесі. Сондықтан да оны инновациялық өнім деп атаймыз. Яғни, алманың жай өсетін және тез пісетін сұрыптарын жергілікті жерге қарай  бейімдейміз. Бізде олардың өсіп-өнуіне барлық жағдай бар. Суымыз құнарлы жеріміз бар. Кезінде облыс аумағындағы алма бақтарының аумағы 6 гектардан асатын. Аймақтағы алма шаруашылығын қайта түлету біздің  басты мақсатымыз. 

 

Станса мамандары шөптердің мыңнан астам түріне тәжірибе жасап, олардың тектік қорын сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосты. Мәселен, дәнді дақылдардың 251 және картоптың 40-қа жуық сұрпына тәжірибе жасалды. Осылайша, мамандар көкөністің жергілікті жерде өсіп өнуіне мол жағдай жасады.

 

Ал Петропавл қаласының тұрғыны қысы-жазы көкөніс өсіруге болатын инновациялық жылыжай салып жатыр. Поликарбонат шатыр күн сәулесін жақсы өткізеді. Жылыжайдың ішіндегі суға толы ыдыстар ауаны жылытып, өсімдіктерді тамшылатып суаруға мүмкіндік береді. Ал жоғарыға жиналатын жылу құбыр арқылы жүйектерге жіберіледі. Әзірге бұл – тәжірибелік жоба. Бүгінде жылыжайға қияр мен шалғам егілген.

 

Олег АНДРЮЩЕНКО, ЖОБА АВТОРЫ:

Күн сәулесі түссе, минус 35 градуста да жылы болады. Ал желтоқсан айнының түндерінде пеш жағамыз. Ол да инновациялық. Құбырдың ішінде тағы бір құбыр бар. Оның ортасындағы ыстық су ұзаққа дейін суымайды. Бұл жылыжайдың бір шаршы метрінен 60 келіге дейін қияр алуға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер