Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі туризмнің үлесі 0,9 пайызды құрайды. Биылғы жылдың бірінші жартысында ішкі туристер қатары 5,8 пайызға өсіп, 2 миллионнан асқан. Жалпы, елімізде биыл 217 мың адам шетелге шықпай демалуды қаласа, сырттан келген 5 мың адам Қазақстанның демалыс орындарын таңдаған. Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша, Қазақстан туризм бәсекелестігі рейтингінде әлемнің 140 елінің ішінде 85-ші орында тұр. Бұл көрсеткішті жақсарту мақсатында шет мемлекеттерде еліміздің туристік әлеуетін насихаттау шаралары жүргізілуде.

 

Марат ИҒАЛИЕВ - ҚР ИДМ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Біз Қытай елімен туризм саласында келісім шартқа отырдық. Көршілес елде туризм нарығы өте қатты дамыған. Өткен жылы сырттан келген азаматтар Қытайда 215 миллиард доллар қалдырған. Бұл ретте Ұлы Жібек жолы арқылы сол туристерді Қазақстанға тарту жағын да қарасытырып жатырмыз.

 

2017 жылы Алматыда өтетін Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада және елордада өтетін «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі сияқты ауқымды іс-шаралардың нәтижесінде әлемнің Қазақстанға деген қызығушылығы артады деген үміт бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер