Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы «ЕХРО-2017» көрмесіне келетін қонақтарды қабылдауға дайын. Табиғаты әсем таулы өлкеде қазірдің өзінде 24 демалыс орны жұмыс істеп тұр. Биыл тағы 4 қонақ үйдің құрылысы басталды. Мына демалыс орны жақында ғана ашылған. Мұндағы үйлердің барлығы жергілікті жердің ағашынан салынған. Сондықтан болар, шетелдік туристер тарапынан сұраныс жоғары.

 

СЕРГЕЙ ВАЛИАХМЕТОВ, КӘСІПКЕР:

Ағаштан жасалған үйлер табиғатқа жарасып тұрады. Келген кісілер жақсы демалып кетеді, ауасы жақсы деп. Рахметтерін айтып кетеді.

 

Тарихы бай, табиғаты көркем Қарқаралы өңірі бір мезгілде 3 мың қонақты қабылдай алады. Бүгінде 11 туристік бағыт бекітілген. Ал қыста келетіндер үшін екі шаңғы базасы мен мұз айдыны бар. Жақында ашылған шипажайда тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істейді.

 

ХАЛЕЛ МАҚСҰТОВ, ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  

Үш мың адамды бір күнде қабылдауға Қарқаралының басындағы демалыс орындары мен қонақ үйлері дайын. Қарқаралыда көрсететін, насихаттайтын жерлер өте көп, сондықтан қонақтарды қабылдауға біз дайынбыз.

 

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы жер аумағы 120 мың гектардан асса, соның 26 пайызы туризм кластерін дамыту бағытында игеріліп отыр. Тек биылдың өзінде Қарқаралы өңіріне 100 мың турист келген. Келер жылы одан да көп болуы мүмкін деген болжам бар. 

 

 

Сурет: kazakhstan.travel

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер