Астанада NEWENERGY global startup fest халықаралық байқауында «ЕХРО-2017» көрмесіне ұсынылатын 30 startup анықталды. Жалпы, конкурстың ақтық сынына баламалы энергетика және «жасыл экономика» саласындағы 36 елдің 100 инновациялық компаниясы қатысып, тың жобаларын ұсынды.  Халықаралық көрмеде өз жұмыстарын таныстыру құқығына ие болғандар қатарында қазақстандық компаниялар да бар.

 

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

 

100 жобаның ішінде Қазақстанның үлесі бар. 5 жобаны жігіттер ұсынып отыр, олардың екеуі баламалы энергетика көздеріне байланысты. Қызығушылық бар, инвесторлар көріп отыр.

 

ОЛЬГА КРУПСКАЯ, ҚАТЫСУШЫ:

 

Мамандарымыз  азық-түлік қалдықтарын бұрынғыдан 5 есе тез өңдейтін жаңа  технология ойлап тапты. Тиімділігі де 10 есеге артты. Өңдеу кезінде қалдықтардың 95 пайызы игеріледі. Біз бұл жаңашылдықты әлемнің бірнеше елдерінде қолданысқа енгізуді діттеп отырмыз. Солардың қатарында Қазақстан да болады деген ойдамыз.

 

 

Сурет: Abctv.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер