Солтүстік Қазақстан облысы Келлеровка ауылында тұратын шебер ағаш пен сүйектен түрлі бұйымдар жасайды.  Шатарбай Дауейұлы 7 жыл бұрын Монғолиядан Атамекенге оралған. Киіз үйдің бүге-шігесіне дейін біледі. Желге сыр бермейтін, жылуды ұзақ сақтайтын сапалы киіз үйді өзі де жасап жүр.

 

ШАТАРБАЙ ДӘУЕЙ, ШЕБЕР:

«Уақытты қол өнер қайтеді дегенде дұрыс пайдаландырады. Қызықтырады, адамның ой-санасын кеңейтеді. Мынандай нәрсені ойлап, мынаған көп ой жұмсалады. Мен кітаптар оқимын. Көп маман иесімін. Көп нәрселердің суретін шығарып барып істеймін». 

 

Монғолия елінде 40 жыл дәріс берген ұстаз жүздеген шәкірт тәрбиелепті. Елге оралғаннан кейін 30 жас өренді осы өнерге баулыған. Оның айтуынша, ағашпен жұмыс жасау оңай емес, қажырлы еңбекті талап етеді. Есесіне, ынтамен жасалған тұрмыстық бұйым мен ұлттық аспап  ұрпақтан ұрпаққа қалар құнды мұра болады.

 

ШЕКЕН ДӘУЕЙ, ШЕБЕРДІҢ ҰЛЫ, ШӘКІРТІ:

«Қойдың ұсақ-түйек сүйектерінен, жіліктерінен нәрсе жасаймын. Құстың бейнесін, балық жасаймын. Ойымда не тұрады, соның бейнесін сүйекпен жасауға болады. Әлде кішкене үйренгім келеді. әлде жасағым келеді нәрселер сол әкемнің арқасында».

 

Шатарбай Дәуейұлының үйдегі шеберханасында қайталанбас дүниелер жасалады. Олардың біразын көрме-байқауларға қойып, жеңімпаз атанған. 72 жастағы шебердің арманы - қолданбалы өнер колледжін ашып, шәкірттерінің қатарын көбейту.  

 

Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер