«EXPO-2017» қарсаңында Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 42 –ге дейін жетпек.  Қазақстанның ҚХР-дағы елшісі Шахрат Нұрышев осылай деді.  Қытай халықаралық көрмеге қатысатындығын растап, өз павильонының комиссарын бекіткен болатын. Аспан асты елінің «EXPO-2017» көрмесіндегі аумағы 1 мың шаршы метр болмақ.  Павильон тақырыбы: «Болашақ энергиясы: «Жасыл» Жібек жолы». Елшінің айтуынша, қытайлық туристік компаниялар халықаралық көрмеден шет қалмақ емес. Болжам бойынша «EXPO-2017» көрмесіне 200 мыңнан астам адам келеді деп жоспарлануда.  Ал туристік сапарларды жеңілдету үшін өткен жылдың желтоқсанында Инвестициялар және даму министрлігі мен ҚХР-ның туризм істері бойынша мемлекеттік басқармасы арасында меморандумға қол қойылды.  Сөйтіп, қытайлық туристерді қабылдайтын 63 компанияның тізімі бекітілді.

 

ШАХРАТ НҰРЫШЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ҚХР-ДАҒЫ ЕЛШІСІ

Ендігі жылы маусым айында ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапарымен келеді. Біріншіден, әрине, елбасымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында жан-жақты сұрақтар талқыланады. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитін өткізу жоспарланған. Сол саммиттің отырысына қатысады. Содан кейін 10 маусымда «EXPO»-ның ашылуына қатысады деген жоспар бар. 

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер