Қазақстанда үздік қысқаметражды фильм анықталды. Жаңа есімдер Алматыда мәресіне жеткен «Бастау» халықаралық студенттік байқауында көпшілікке жария болды.  Биыл 6-мәрте шымылдығын ашқан фестивальге қатысқан 40-қа тарта ел үміткерлерінен 300-ден астам өтініш келіп түскен.

 

СЕРГЕЙ АЗИМОВ, «БАСТАУ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Кино – халықаралық өнер. Сондықтан жастарға, қазір оқып жүрген балаларға осы байқау ауадай қажет. Конкурс болған жерде көркемдік, кәсіптік деңгейі өседі. 

 

Түрлі жанрда бәйгеге тігілген жүлдеден дәмелілердің туындылары бір жарым ай бойы беделді сала майталмандарының сын садағына іліккен.     Қорытынды кезеңге саралаудан тек 60-қа тарта авторлық жұмыс сүрінген жоқ. Сарапшылар 11 аталымға лайықтыларын анықтауға барынша тырысып баққандарын айтады. 

 

ХИРО НАРИТА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ, ҚОЮШЫ-ОПЕРАТОР, АҚШ

Дарынды жастардың жұмыстары  кәсіби шеберлікпен орындалған. Әрбірі кино әлемінде толағай табыстарға жете алатыны күмән  тудырмайды. Бастамалары өте керемет. Оны өрбітіп, жетілдіре түскендері көпшілікке танымал болатыны сөзсіз.

 

Байқаудың бас жүлдесі ресейлік жас режиссер Георгий Поротовтың жанұядағы тұрмыстық қатынастарды суреттеген "Офлайндағы отбасы" атты фильміне бұйырды. Мәдени шара барысында шет елден келген танымал қонақтар мен қазылар алқасы шеберлік сыныптар мен шығармашылық кездесулер өткізді.  

 

Сурет: brod.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер