БҰҰ Орнықты даму бағдарламасының мақсаттары Қазақстан Сенатында таныстырылады. Осы шараға дайындық мәселелері Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі әрі Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Норимаса Шимомураның кездесуінде сөз болды. Алдағы шара қазақстандық депутаттарға осы ауқымды жобамен мұқият танысуға және оны ұлттық заңнамамен үйлестіруге оң ықпал етеді. «Қазақстан 2030-шы жылға дейінгі орнықты даму жөніндегі жаңа күн тәртібінде белгіленген 17 мақсатқа қол жеткізуде БҰҰ-мен белсенді іс-қимылға зор сенім артады», деді Тоқаев. 

 

Сурет: kimberly-clark.ru 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер