Павлодар облысына 300 млрд теңгенің инвестициясы тартылады. «Ертіс-Инвест» халықаралық форумында осындай сомаға тең 35 құжатқа қол қойылды. 50-ге жуық инновациялық жоба ұсынылған шараға 10 елден 800-ге тарта делегат қатысты. Жобалардың басым бөлігі қазақстандық қамтуды жүз пайызға жеткізуді көздейді. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының бір өзінде алдағы уақытта құны $400 млн болатын тағы 6 жоба іске асырылады.

 

БОЛАТ БАҚАУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Шетелдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпорындарға бірдей жағдай жасаймыз. Осының арқасында өңірдің инвестициялық тартымдылығы артып, ірі кәсіпорындардың жанында шағын кәсіпкерлік белдеуі құрылуда.

 

РУСЛАН ЛИТВИНОВ, ИНВЕСТОР /ГЕРМАНИЯ/:

Бұл өңірге қызығушылық бар. Біріншіден, Павлодар облысында инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалған. Екіншіден, Ертіс өңірі табиғи ресурстарға бай. Бұл жерде ірі кәсіпорындар шоғырланған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, алюминий өндірісінде профильдерді шығаруға уағдаластық.

  

Жалпы, ел тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде Павлодар облысына құйылған инвестиция көлемі 30 есе артқан. Тек соңғы бес жыл ішінде облыста 1,2 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылып, 32 қанатқақты жоба іске асты. Еліміздің индустриялық жүрегі саналатын Ертіс өңірінің 800-ге жуық кәсіпорны ел экономикасына серпін беруде.

 

Сурет: Kursiv.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер