Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапары барысында «Tokyo rope  mfg» компаниясының қызметімен танысты. Сондай-ақ, ол осы компанияның Алматыдағы зауытын телекөпір арқылы салтанатты түрде іске қосу шарасына қатысты. Қазақстандық кәсіпорын металдан жасалатын түрлі өнім, соның ішінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою үшін пайдаланылатын қалқаншалар жасау үшін аса берік торлар шығарады. Зауыттың бірінші кезеңдегі жобалық қуаты жылына 5 тонна металл бұйымын шығаруға жетеді, оның мүмкіндігі алдағы уақытта ұлғайтылмақ. Кәсіпорын өнімі Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге таяу және алыс шетелге де сатылады деп жоспарланып отыр.  

 

ШИГЕТО ТАНАКА «TOKYO ROPE MFG» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Алматыдағы құрылғылар қуаттылығы жағынан Жапониялық үлгіден бес есе артық. Жүйе толығымен автоматтандырылған. Сіздердің елдеріңізде ашылып отырған бұл кәсіпорын Қазақстанда бизнесті өркендетуге  барлық жағдай жасалғанын айшықтайды. 

 

Сурет: akorda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер