Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Токай университеті инженерлік ғылымдарының құрметті докторы атағы салтанатты жағдайда табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Токиодан.

 

«Біз Қазақстан Республикасының Президентіне университетіміздің білім беру қызметін жете түсініп, зор үлес қосқаны үшін шынайы ризашылығызды білдіргіміз келеді. Ұлы мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа Токай университеті инженерлік ғылымдарының құрметті докторы атағын табыс етеміз», - деді салтанатты шара барысында Токай университетінің ректоры Ямада Киеси.

 

Осыдан кейін ол Елбасына  құрметті доктор  дипломы мен естелік төсбелгіні табыс етті.

 

Айта кетейік, Токай университеті Авиация ғылымдары колледжінің базасында құрылған болатын. Қазіргі уақытта ол Жапониядағы ең ірі көпбейінді жоғары оқу орындарының бірі саналады. 

 

Қазіргі уақытта Токай университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 5 магистрант пен 1 докторант білім алуда. Жалпы бұл білім ордасын 16 қазақстандық техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша бітірген еді. 

 

Сурет: Kazinform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер