Көрмеде жекпе-жек тәсілдері көрсетілді. Экспозицияның мұндай ерекше әдіспен ашылуына  суретшінің өзі себеп.  Бұзұрманқұл Мырзалиев  дарынды суретші ғана емес, Қырғызстанның Кунг-фу, Цигун және Джит Кун До федерациясының президенті. Жастайынан спорт пен өнерді қатар алып жүретін адамның шығармашылығы мен философиясына қызығушылық танытушылар аз емес.

 

ҒАЛИЯ БАКИРЛАНОВА, «АСТАНА» ҰЛТТЫҚ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Мына көрмеде «Анархан» деген суреті бар. Көрмені ашқанда сол сурет бірден көзіме түсті. Бекер емес екен. Бұл сурет халықаралық көрмеде бас жүлдеге ие болған екен.

 

Пейзаж, натюрморт, портреттер. Мұның бәрі қылқалам шеберінің орындауында таңғажайып бейнеге айналады. Әр картинаның ішінде ерекше сыр бар іспетті. Көрменің «Махаббат сыры...» деген атауға ие болуы да осыдан.

 

БҰЗҰРМАНҚҰЛ МЫРЗАЛИЕВ, СУРЕТШІ

Әрбір картина баладай. Мың бала болса, біреуін де жаман деп айта алмайсың. Картина 10,20 метр болса, 1-2 жыл жазасың.

 

Ал шабыт келсе, 1 күнде 5 картина салуға да болады, дейді суретші. Айту керек, суретшінің музасы әрі өнерін насихаттаушысы жары Шолпан Құлмағамбетова. Әр туындысын қабылдайтын  да, сынайтын да сол кісі. 

 

Сурет: Informburo.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер