Қазақстан мен Тәжікстан экономикалық әріптестікті нығайтуда. Душанбеде отандық өндірушілердің сауда миссиясы ұйымдастырылды. Қазақстандық делегация құрамына құрылыс, химия, фармацевтика, азық-түлік және машина жасау салаларының 29 кәсіпорнының өкілдері енді. Арасында «SANTO» фармацевтикалық зауыты, «ҚазэкспортГарант» компаниясы,  мен Кентау трансформатор зауыты да бар. 130-дан астам тәжік компаниясы қазақстандық тауарларға қызығушылық  танытты. 

  

НҰРЛАН СЕЙТІМОВ, ҚР ТӘЖІКСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ :

Қазіргі таңда Қазақстан, Ресей және Қытаймен бірге Тәжікстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отыр. Қаңтар-тамыз айларында екі елдің  өзара тауар айналымы 404 млн долларға жетті. Алайда пайдаланылмай отырған ресурстар да жетерлік. Өз экономикасын жандандыруды қолға алған Тәжікстан еліне металл, арматура сынды материалдар қажет. Соңғы 2 айдың өзінде қазақстандық кәсіпкерлер осы бағытта  9 млн доллардың өнімін экспорттады.

 

Тәжікстанда қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың өніміне де сұраныс бар. Әсіресе, ТМД аумағындағы  байырғы компаниялардың бірі «Химфарм» -ға қызығушылық ерекше. Кәсіпорын барлық халықаралық талаптарға сай дәрі-дәрмек өндіруде. Бұған қоса, Тәжікстан үшін тасымалдау бағасы да Иран мен Ресейден алғаннан гөрі әлдеқайда тиімді.

 

ЕЛЕНА ФОМИНА, «ХИМФАРМ» АҚ САТУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Біз бастапқыда жарты миллион доллардың өнімінен бастап бір жарым немесе 2 млн-ға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Тәжікстандық компаниялар бізбен әріптестік орнатып, антибиотиктер шығаратын бірлескен цехтарды ашуға ниетті.

 

2010-2015 жылдар арасында  Қазақстан мен Тәжікстанның тауар айналымының көлемі тұрақты өсім көрсеткен. 312 миллионнан  702 млн долларға  дейін, яғни 2 еседен артық.    Душанбедегі бизнес-форум екі елдің кәсіпкерлеріне әріптестіктің жаңа мүмкіндіктерін ашуға сеп болды. Нәтижесінде  фармацевтикалық өнімдер, құрылыс қоспалары, металл, кондитерлік және нан өнімдерін жеткізу мәселесі  келісілді. 

 

Сурет: Informburo.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер