Инновациялық жобаларға инвестициялық қаржы тарту мақсатында Шымкентте қазақстандық ғалымдар инжиниринг пен өнеркәсіп салалары бойынша ашқан соңғы жаңашылдықтарымен бөлісті. Өз көзімен көруге әлемнің белгілі ғалымдары келіпті. Мына бір өсімдік сабағы тамақ өнеркәсібінің жаңалығына айналуы мүмкін. Айдарбек Болысбек мал азығынан лимон қышқылы мен қант жасайды.

 

Айдарбек БОЛЫСБЕК, ОҚМУ ХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ДЕКАНЫ:

Зерттедік, яғни, одан әр түрлі нәрсе алуға болады. Спирт, қант, лимон қышқылын алуға болады. Осы сияқты пайдалы өнімді алуға болады. Біздің жұмыс жасап жатқанымызға 2 жыл болды, осы бойынша көптеген зерттеулеріміз бар. Германияның ғалымдарымен бірлесіп, көптеген инвесторлар келіп жатыр.

 

Ғалымдар идеяларын зерттеп-зерделеп, жүзеге асыру үшін жылдар бойы ізденген. Конференция кезінде тың жобалар көпшілік назарына ұсынылып қана қоймай, жан-жақты талқыланды.

 

Хусин ВАН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ, /ҚЫТАЙ/:

аударма /Біз қазақстандық ғалымдармен бірге 4 жыл жұмыс істеп келеміз. Фитин мен күріш қауызы бойынша жобамыз бар. Бұл өте қызықты жұмыс.

 

Қазіргі уақытта кәсіпорындар ғалымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мәселен, Қайрат Исламқұловтың ізденісі өндіріске енгізілді. Ол металл құралдарының көпке дейін қызмет етуіне жағдай жасайтын әдіс ойлап тапқан. 

 

Қайрат ИСЛАМҚҰЛОВ, ОҚМУ ПРОФЕССОРЫ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

аударма /Құралдардың жарамдылығы 5 – 6 есе артады. Бұл оларға жұмсалатын ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан жобаның маңызы зор.

 

Эльмира СҰХАНБЕРДИЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

аударма/ Химия, инжиниринг, өнеркәсіптегі жаңашылдықтар осы салалардың дамуына тың серпін береді. Басқа елдермен салыстырсақ, біздің ғылыми жетістікеріміз ауыз толтырып айтарлықтай.

 

Конференцияда 300-ден астам баяндама мен мақала тыңдалып, қызықты жобалар бойынша пікір алмасылды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер