Алматыда бизнес-инкубатор ашылып, студенттер өзінің жеке кәсібін ашуға мүмкіндік алды. Жастарды оқумен қатар, еңбекке ерте тартып, идея ұсынуға жағдай жасау туралы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасында да анық айтылған. Осыған орай, еліміздің жоғарғы оқу орындары студенттер арасынан үздіктерді анықтау үшін арнайы байқау өткізіп, 200 жобаның ішінен 27 жұмысты таңдап алды. Енді ол жобалардың авторлары оқуларын жалғастыра отырып, өз кәсібінің нәсібін көрмек. Ал 7 студент бизнес-идеяларын жүзеге асыруға кірісіп кетті.

 

Рахман АЛШАНОВ, УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ:

Елбасы «100 қадам» жоспарында осы нақты істейтін жұмыстардың ішіндегі жастарды бизнеске тарту, инновация жаңалықтарға тарту туралы айтты. Соған байланысты, оқу бағдарламасының барлығын осыған бейімдеп отырмыз. Мұғалімдермен семинар өткіздік, басшылармен семинар өткіздік. Енді балалардың арасында. Конкурс бұрыннан келе жатыр ғой, бірақ кең көлемде өткіздік.

 

 

 

Фото: 365info.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер