Әңгіме барысында Қазақстан Президенті еліміздің ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сауалдарға жауап беріп, ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешім қабылдауға әсер еткен себептер жөнінде айтты, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапонияның өзара іс-қимылының, соның ішінде ядролық қарусыздану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті.

 

Бұдан бөлек, Елбасы өңірлік геосаяси үдерістегі республикамыздың рөлі және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімеледі.

 

NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігі Жапониядағы және жаһандық ақпарат кеңістігіндегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары болып саналады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер