«Қорғас» шығыс қақпасы арнайы экономикалық аймағының әлеуеті артты. Бүгінде мұндағы жүк сақтайтын құрғақ портта күніне 150-ге жуық жүк контейнерлері тасымалданады. Экспорт пен импорттық тауар алмасу жұмысы осы жерде жүреді. Өткен жылы мұнда 73 мың вагонды жүк контейнерлері өндірілген. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы жыл сайын артып отырғанын көрсетеді. Жүк тиелген поездар «Алтынкөл» теміржол бекеті арқылы өтеді. Алдағы үш жылда бекет арқылы 25 млн тонна жүк тасымалдау жоспарланған.

 

Жандос ҰНТАҚБАЕВ, «АЛТЫНКӨЛ» БЕКЕТІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

Пойыздарды біз 3 сағат 55 минутта Қытайдан қабылдап, жүктеу операцияларын өткізіп, кеденге кедергісіз құжатарын рәсімдеп ары қарай Алматы, Орталық  Азия, Еуропа, Балтық маңы елдеріне жүктерді жөнелтіп жатырмыз.

 

Жыл сайын арнай экономикалық аймақтың мүмкіндіктері артады. Батыс пен Шығыс түйіскен жерде алдағы үш жылда түрлі туристік, әлеуметтік-мәдени нысандар пайда болады. Ал келесі жылы «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» халықаралық автожолының құрылысы толық аяқталады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер