Оңтүстіккореялық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші компаниялар  Қазақстанның аграрлық секторына қаржы құюға ниетті. Өз технологиясын енгізіп, елімізде жылыжай шаруашылығын дамытуға атсалысуға әзір. Оңтүстік Кореяның аграрлық технологиялары әлемдегі ең үздік құрылғылар қатарында тұр. Олар бұдан өзге салаларға да инвестиция салуға мүдделі. Қазақстан-Корея Ынтымақтастығы жөніндегі орталық директоры жаңартылатын энергия көздері және сумен қамтамасыз етумен айналысатын  компаниялар да  Қазақстанға қызығушылық танытып отырғанын айтады.  «Жаңа Жібек жолы» көпшілікке әйгілі болғалы бері елімізге туристер те көптеп тартыла бастады. Қазір орталық  ақпарат жинауға және тәжірибе алмасуға айрықша назар аударып отыр. Көп кешікпей жеке фирмалар мен компаниялар бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келісім-шарттар жасаспақ.

 

Джонг ХИ ВУ, ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жылдар өткен сайын Қазақстан мен Кореяның  қарым-қатынасы жақсарып келеді.  Көптеген адамдар Қазақстанға келіп жатыр. Мәдениет саласындағы байланыстар да күшейіп жатыр.  Сонымен қатар, келесі жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы»  деп аталатын халықаралық көрме  өтеді. Көрмеде біз технологияларымызды ұсынамыз. Сол компаниялар Қазақстанның нарығына шығуды қалайды.  Сондай-ақ, біз  операторлармен бірлесіп, туристік бағыттарды насихаттап, осы саланы дамыту жұмыстарымен айналысып жатырмыз. 

 

Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалайды. Олар Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасына қатысып, «Бес институционалдық реформа мен 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясындағы мүмкіндіктерге қызығушылық танытуда.

 

Ердоған САНЖАР, КӘСІПКЕР (ТҮРКИЯ):

Қазақстан - экономикалық дамуы тұрақты және қауіпсіз мемлекет. Ал шетелдік инвесторлар үшін бұл - маңызды фактор. Осы басымдықты ескеріп біздің компания Қазақстан нарығына шығуды ұйғарды. Былтырға дейін біз Түркияда өндіріп, қазақ еліне экспорттап келсек, қазір барлық өнімді сонда өсіріп, сатпақпыз. Алдағы мақсатымыз Қазақстанды ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп, Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде Ресей нарығына шығу.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер