Лондонда елордаға әкелінетін Ұлыбритания павильонының тұсаукесері өтті. Онда «Астана ЕХРО-2017» жұмысына қатысуға ниет білдірген британиялық ірі 20 компания өз ойларын ортаға салды. Олар көрме кезіндегі және көрмеден кейінгі жұмыстарға араласуға ниетті.

 

Чарльз ХЕНДРИ, ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ БАС КОМИССАРЫ: 

Біз жаңа теxнологиялар ұсынамыз. Олардың энергетика мәселелерін қазір және болашақта қалай шешетіндігін түсіндіретін боламыз. Бұл іске бизнес-қауымдастықты және университеттерді тарту ойымызда бар.

 

Ұлыбритания «Астана ЕХРО-2017» көрмесінің 48-і қатысушысы ретінде тіркелген. Ұлыбританияның баламалы қуат көздерін дамытуда тәжірибесі мол. Бұған қоса, британ павильоны Милан мен Шанхайдағы көрмелерде үздіктердің қатарында болған. Тұсаукесерді Ұлыбританияның халықаралық сауда министрлігі және Қазақстан Республикасының Лондондағы елшілігі ұйымдастырды.

 

Ерлан ЫДЫРЫСОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Үлкен бәсекелестіктің нәтижесінде «ЕХРО-2017» өткізу құқығына ие болғанымызды мақтанышпен айта аламыз. Сіздердің көрмелеріңіз шығармашылықтарыңыз бен көрегендіктеріңіздің арқасында ең тартымды көрмелердің бірі болатындығына сенімім зор. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер