Астанада алдағы жылы өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне әзірге 105 мемлекет қатысуға ниет білдіріп отыр. Бүгін осы мемлекеттер өз өнімдерін орналастыратын павильондардың алғашқы бесеуі тапсырылды, деп хабарлайды BAQ.kz.

 

Германия, Венгрия мен Түркия және Қытай мен Франция алғашқы болып ЭКСПО-2017 көрмесіндегі өз павильондарын қабылдап алды.

 

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы да сындарлы саясатының арқасында мемлекетіміз халықаралық аренадағы беделді іс-шараларды өткізетін ордалы мекенге айналды. Жеңісті де, жемісті тарихымыздың осындай жарқын беттерін жазуға елдегі саяси және экономикалық тұрақтылық, әлеметтік әл-аухатын арттыруға арқау болып отыр. Бүгін біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Елбасының тікелей бастамасымен мүмкін болған тарихымыздың айтулы іс-шарасы - ЭКСПО көрмесінің нысандарын ресми түрде пайдалануға беру сәтінде бас қосып тұрмыз»,-деді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімовпен алғаш болып павильондарын қабылдап алған комиссарлармен кездесу кезінде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер