Алатау сілемдеріндегі ең көне «Ақсу Жабағылы» қорығы аумағында туристік қалашық салынбақ. Бұл туралы Шымкентте өткен халықаралық туризм форумында айтылды. Ерекше қорғалатын аймақта болашақта Еуропа елдеріндегідей демалыс кешендері бой түзейді. Саяхатшылар табиғаты әсем тау шатқалдарын аралап, сирек кездесетін аң- құстарды көруге мүмкіндік алады. Қазірдің өзінде бұл жобаға қызығушылық танытып отырған шетелдік инвесторлар бар. Ал Сарыағаш ауданыдағы курорттық аймақ одан әрі қанат жайып, көркейетін болды. Жер асты минералды суымен танымал аймақтың даму жобасы да жасалған. Көне Түркістан және Сайрам қаласындағы тарихи орындар әлем кезген саяхатшылардың Қазақ жеріне де қадам басуына мүмкіндік береді. Шомылу маусымы 5 айға дейін созылатын Шардарадағы жағажай туризімін дамыту мақсатында жергілікті инвесторлар қаржы құймақ. Соның негізінде бір ғана туризм саласын дамытуға бағытталған 7 меморандумға қол қойылды.

 

Мәдихан ҚАСҚАБАЕВ, ИНВЕСТОР:

Оңтүстік деген көнеден келе жатқан өңір ғой. Мұнда көптеген туризмге мүмкіншілік жасайтын болсақ, өте кеңінен таратуға болады. Біз енді мынау Сарыағаш ауданынан сауықтыру кешенін салсақ, елге үлкен қызмет көрсетcек деп елдің жағдайын жасап. Үлкен құрылыс болады онда әрине.Осыған енді облыстық тараптан кішкене қаражат бөлінсе деп. Жол картасы бойынша.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер