Қазақстан ғалымдары  Еуроодақтың гранттық жобаларына қатысады. Мұндай мүмкіндікке Еуроодақ пен  Қазақстан арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімінің арқасында қол жеткізілді.

 

Дмитрий ЛЕПЕШЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

Қазіргі кезде Қазақстанда Еуроодақтың «Эразмус плюс» білім беру бағдарламасы жақсы дамып келеді. Бірақ біз тағы да бір бағытты ашсақ деген ойдамыз. Ғылыми жоба болғандықтан, оларға Еуропарламент пен Еуроодақ тарапынан қомақты қаражат бөлінеді. Сондықтан, осыны пайдаланып, ғалымдарымызды жаңа ғылыми жаңалықтар әлеуеті бағытына қарай бағдарлауды жөн көріп отырмыз.

 

Екатерина ЦАРАНОК, «MODERN EDUCATION&RESEARCH INSTITUTE» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір Қазақстан грант-холдер құқығына ие болды. Бұл екі бағыттағы гранттық жобаларға қатысу басымдылығына ие болу деген сөз. Біріншісі – Жан Моненің бағдарламасы, екінші бағыт - CapacityBuilding High Education, яғни, жоғарғы білім саласында институционалды дамуға жол беру. Сондықтан көптеген еуропалық университеттер тарапынан Қазақстанға деген қызығушылық артып, Қазақстанмен әріптестік және ынтымақтастық орнатуға ынталы бола бастады. Тіпті, олар қазір Қазақстан бастаған жобаларға қатысып, білімдерімен бөлісіп, кеңесші болуға дайын.

 

Көкшетау, Ақтөбе және Оңтүстік-Қазақстан педагогикалық университетінің өкілдері Еуроодақ астанасына технология трансфері  және білімді коммерцияландыру тәжірибесімен алмасу жөніндегі Еуропалық бағдарламаға қатысу үшін барған болатын. Бағдарламаның бастапқы кезеңінде қазақстандық ғалымдар еуропалық әріптестерінің технология трансфері саласындағы еңбегімен танысып, технопарк ғылыми-зерттеу және бизнес инкубаторларының жұмысын көріп қайтты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер