Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі елге ортақ инвестициялық қор құрмақ. Ол екі мемлекеттің біріккен жобаларын қаржыландыратын болады. Бұл келісімге мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясына барған ресми сапарында қол жеткізді. Елбасы Эр-Риядта Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен және Ислам Даму банкінің Президенті Бандар бен Мухаммад Хаджармен кездесті. Бүгінгі таңда банк пен Қазақстанның ортақ жобаларының жалпы құны 1,3 млрд доллардан асқан.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгін осы жерде кездескеніме қуаныштымын. Бұл лауазымға сайлануыңызбен құттықтаймын. Қазақстан мен банк арасындағы қарым-қатынас тығыз болады деп сенемін. Бұрыннан да біздің қатынасымыз жақсы. Біздің адамдармен кездестіңіз ой алмастыңыз біздің жағдайымызды білдіңіз. Қазір мына финансовый орталық болайын деп жатырмыз. Сіздің банктің қатынасатынына сенемін.

 

Бандар БЕН МУХАММАД ХАДЖАР, ИСЛАМ ДАМУ БАНКІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жоғары мәртебелі Президент мырза өзіңізбенкездескеніме қуаныштамын. Мен үшін Ислам даму Банкімен Қазақстан арасындағы қарым қатынастың тұрақты дамып отыруы үлкен мәртебе.Және Қазақстан мен Банкарасындағы ортақ жобалардың жалпы көлемі 1 млрд 300 млн доллардан асқанын атапөткім келеді. 2015 жылы банк тарапынан 665 млн долларға төрт жоба бекітілді.Болашақта банк Қазақстанның экономикалық жобасына қатысуға ниетті екенін хабарлаймын.

 

Бұдан кейін Елбасы Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Ияд Ибн Әмин Маданимен де жүздесті.Тараптар Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған, бүгінде құрамына 32 ел кіретін халықаралық азық-түлік қорының жұмысын ілгерілету мәселелерін қарастырды. Күн тәртібінің тығыздығына қарамастан Елбасы бірнеше компаниялардың басшыларымен де кездесу өткізді. Саудиялықтар Қазақстанның жер қойнауын барлауға дайын. Metal corners компаниясы біздегі полиметал, алтын, күміс және мыс кендеріне геологиялық барлау жасау үшін 50 млн. доллар бөлетін болды. Инвесторлар инновациялық зауыттар мен фабрикалар тұрғызуға да дайын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер