Алматыда Қазақстан мен Түркияның стратегиялық ынтымақтастық Кеңесінің үшінші отырысына екі тараптың мамандары да қызу дайындала бастады. Аталған шара алдағы кезеңде Түркияда өтеді. 2009 жылы құрылған Кеңеске екі елдің президенті  Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Эрдоган жетекшілік етеді. Кездесуге сауда-саттық пен инвестиция мәселелері арқау болмақ. Оны тиімді шешудің бірнеше тетіктері бар. Солардың бірі - «Жаңа ымыра» бағдарламасы»,  деді Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.  Бұл жоба төрт жыл бұрын стратегиялық ынтымақтастық Кеңесінің Анкарада өткен алғашқы отырысында қабылданып, өзара тауар айналымын арттыруға бағытталған болатын.  

 

Ерлан ЫДЫРЫСОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Бізде Қазақстан мен Түркияға ортақ индустриалды аймақ құруға арналған өзге де ірі бағдарламамыз бар. Сондай-ақ, ортақ инвестициялық қор жасақтап, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымдық жобалар құру жөнінде келісім бар.  Бұл жұмыстардың барлығы «Нұрлы жол» бағдарламасының қатысуымен жүзеге асырылады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер