Елімізге табысты инвестиция тарту үшін және қазақстандық тауарларды әлем нарықтарында тиімді насихаттау үшін мемлекеттің имиджін дұрыс қалыптастырған маңызды. Дәл осы мақсатта Қазақстанда ұлттық бренд байқауы жарияланды. Бұл отандық өнімдерді шетелдік тауарлардың арасынан ерекшелеп тұратын белгіге айналуға тиіс. Бірыңғай мемлекеттік бренд шетелде ұсынылатын тиімді жарнамалық компанияны құруда көмектеседі. Қазір арнайы конкурсқа келіп түскен мыңға жуық өтініш тексеріліп, тиісті талаптарға сай еңбектер халықтың таңдауына қойылды. Яғни, әрбір азамат СМС дауыс беру арқылы үздігін анықтауға өз үлесін қоса алады. Жалпыхалықтық дауыс беру қарашаның 4-іне дейін жалғасады. Ал одан кейінгі кезеңде сараптама кеңесі іске кіріседі. Жеңімпазға тағайындалған жүлде қоры - 5 млн теңге.

 

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ:

Қазіргі күні кез-келген мемлекет елдің иммиджіне назар аударады. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Өйткені, бұл - инвестицияны және туристерді тартудың бірден бір жолы. Әрине, ұлттық брендтке ең алдымен сол мемлекеттің шынайы жетістіктері негіз болу керектігін біз жақсы түсінеміз. Ол – халықтың білім деңгейі, экономикалық дамуы, мәдени-рухани жетістіктер. Сонымен қатар, елдің иммиджін ілгерілету үшін бір көргеннен есте қалатын символика қажет. ҚР Ұлттық бренді байқауын жариялаудағы басты мақсат – осы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер