Отандық туроператорлар «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің мазмұнымен үндесе жұмыс істеуге тиіс. Бұл көрмеге жасыл экономиканы қолдап келген саяхатшылардың ішкі туризмге деген қызығушылығын арттырады. «EXPO&WOMEN» халқаралық ұйымы» мен «Қазақстан әйелдері қауымдастығының» басқосуында осындай пікір айтылды. Еліміздің белсенді нәзік жандылары туристік орталықтардың инфрақұрылымы мен қызметінде баламалы энергия көздері ендірілуі тиіс деген ойда. Ол үшін іскер азаматшалар қазақстандық туризм саласына заманауи технологиялар пайдаланылатын жобаларды жүзеге асыруды ұсынып отыр. Игі бастамаға халықаралық көрме өтетін кезде қызмет жасайтын қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану орындарын да кірістіру көзделуде.

 

САЛТАНАТ РАХЫМБЕКОВА, «EXPO&WOMEN» ХАЛҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ» ЗТБ ТӨРАЙЫМЫ:

Ғимараттардың ішінде жарықты ауыстыру тиімді жарыққа.  Жылу жүйелерін қалай орналастыру, жылыжайларды орнатуға мүмкіншіліктері бар ма екен? Соларды бәрін қарастырып отырып, кәсіби кеңес ретінде бүгінгі жақсы деген сарапшылардың ұсыныстарын дайындап отырмыз.

 

Отбасы қазығы, үйдің көркі, ошақ иесі болумен қатар, бизнесті бірге алып жүрген іскер азаматшалар шетелдіктерге қонақжайлығымызды танытудың өзгеде жолдарын ұсынып отыр. Соның бірі - шетелдік меймандарды қарсы алып, қызмет көрсететін еріктілер орталығын қалыптастыру. Оның аясында белсенді жастарды жиып, арнайы білім берген жөн болатынын алға тартады.

 

САЛТАНАТ РАХЫМБЕКОВА, «EXPO&WOMEN» ХАЛҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ» ЗТБ ТӨРАЙЫМЫ:

«EXPO&WOMEN» және технологиялық бизнес институтымен әріптестікке қол қояйын деп жатырмыз. Өйткені ол институтта студенттерді даярлайтын мынандай мамандықтар бар. Туризмге байланысты және басқа да ресторан, қонақ үй мамандарын даярлап отырған Үлкен білім ордасы.

 

Еліміздің белсенді нәзік жандылары 2017 жылдың ақпанында Астанада «Шектеусіз туризм» атты халықаралық конференция ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ғылыми-тәжірибелік жиынға мыңға тарта саланың отандық және шетелдік сарапшылары қатысады деп күтілуде. Танымдық басқосуда меймандарға қазақстандық турмзмнің әлеуеті таныстырылмақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер