Павлодар облысында жолаушылар автобусының істен шығуы салдарынан 79 адам құтқарылды, деп хабарлайды zakon.kz, pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

 

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, оқиға кеше сағат 22.50-де Қалқаман кентіне дейінгі 15 шақырым қашықтықтағы жолда орын алған. Ресей Федерациясының Омбы қаласынан Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласына бет алған автобус Өзбекстан елінің азаматтарын тасымалдаған. Жолға шыққан азаматтардың барлығы түнде Достық ауылдық аймағындағы мектепке жеткізілген.

 

- 80-ге жуық адам мектептің мәжіліс залына орналастырылды. Жолаушылардың арасында төрт әйел адам бар. Қазіргі таңда барлық жағдай жасап, тамақпен қамтамасыз еттік. Қажет болса, медициналық көмек көрсетіледі. Алайда олардың жағдайы жақсы. Шамамен бүгін немесе ертең Шымкенттен көлік келіп, алып кетеді деп күтілуде, - дейді Достық орта білім беру мектебінің директоры Гүлнар Қожанова.

 

 

Фото: Рavlodarnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер