ranking.kz сарапшылары қазақстандықтар осы жылдың үш тоқсанында интернетке қанша ақша жұмсағанын есептеді, деп жазады baq.kz.

Интернет провайдерлер қаңтар-қыркүйекте қазақстандықтарға 151, 9 миллиард теңгеге (өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 7,5 миллиард теңге көп) қызмет көрсеткен.

 

Бұл ретте абоненттер санының 2,23 миллионға немесе 5,7 пайызға артып, 12,1 мыңға жеткенін атап өткен жөн.

 

Олардың 99,7 пайызы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетті пайдаланады. Салыстырмалы түрде алсақ, 2011 жылдың қыркүйегінде жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік 91,7 пайыз болған. Олардың саны небәрі 1,06 миллион абонентті құрайды.

 

Интернетті пайдаланушылар саны Алматыда жыл сайын 50,1 мыңға, Алматы облысында 18,8 мыңға, Астанада 17,3 мың адамға көбейіп отырады.

 

 

 

Сурет: baq.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер