Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша 2020 жылға дейін әлемдік мұнайдың бір баррелі 56 АҚШ долларына жетуі мүмкін. Ал, келесі жылы мұнай бағасы 51 доллар көлемінде қалады. Бұл болжамды Халықаралық валюта қорының Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері департаменті директорының орынбасары. Юха Кяхконен біздің арна тілшілеріне берген сұхбатында айтты. Шетелдік сарапшы, Ұлттық банктің айырбас бағамына қатысты ұстанған саясаты дұрыс деген пікірде. Бұл шешім теңгенің бәсекелестікке қабілетті екенін көрсетеді. Сонымен бірге «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламалары дер кезінде қабылданып, өз нәтижелерін беріп отыр. «Бағдарлама жүктеген міндеттерді іске асыру арқылы  алдағы уақытта қаржы жүйесі де нығая түседі. Сонымен бірге Қашаған кен орнын игеру экономиканың жақсаруына ықпал етеді», - деді Халықаралық валюта қорының өкілі. 

 

Юха КЯХКОНЕН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ҚОРЫНЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі мұнайдың  бағасы көңіл көншітпей отыр. Бұл үрдіс алдағы екі жылға созылуы  ықтимал.  Мен мұнай бағасы бойынша бюджетті есептеудегі күрделі мәселені көріп тұрған жоқпын. Бағаның  өсуіне орай бюджет көлемінің  ұлғайғаны жақсы әрине. Бірақ, бұл мәселеде бюджетті нақты әрі шынайы жоспарлау маңызды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер