Мемлекеттік органдардан ақпаратты қалай алуға болады? Мәлімет сұраушы мен оны берушінің құқықтары мен міндеттері қандай? Ақтау қаласында өткен екі күндік тренингте мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдар, ақпарат құралдары өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелері осы және өзгеде сауалдарға жауап алды. Бағдарламада халықаралық стандарттар, жариялылық пен есеп беру қағидалары, қоғамдық қатысу, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы әрекеттер қамтылған. Сонымен қатар семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" және "Қоғамдық кеңестер туралы" заңдарының негіздері түсіндірілді.

 

Бақтияр МӘКЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Осы семинардың басты мақсаты - арнайы тікелей қоғаммен, халықпен алмасып жатқан тәжірибені әрі қарай дамыту. + Және мына ақпаратты алмасу бойынша "Электрондық Үкімет" порталы жұмысының нәтижесі қандай? Орталық деңгейде атқарылып жатса, тиімділігі қандай? Оны халық біле ме? Оны халық пайдалана ма? Осыны тікелей қоғаммен бірге, журналистермен, редакторлармен кездесіп,  пікір алмасып, осы семинарды өткізіп отырмыз.

 

Ербол ЖҰМАБАЙ, МҚІСЖҚІҚА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл іс-шараның қоғам үшін, әртүрлі әлеуметтік топтар үшін маңызы зор деп ойлаймын. Біраз пікірлер айтылып жатыр. Бұл аталған заңдар қоғамдық кеңес, ақпаратқа қолжетімділік туралы заңдар жергілікті деңгейде орындалса, республикалық деңгейдегі реформалардың алға жылжуында үлкен нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер