«Табиғи таза өнім өсіріп, өндіруге тырысуымыз керек. Сонда ғана тұтыну механизмін қалыптастырып, нарықтағы импорт үлесін азайтуға болады»,- дейді отандық ауылшаруашылық тауарын өндірушілер. Бұл мәселелер Алматыда өткен «Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі»  халықаралық конференцияда жан-жақты талқыланды. Қазір еліміздің жеміс-жидекке деген қажеттілігі 83 пайызға ғана қамтылып отыр. Ал маусымаралық кезеңде қияр, қызанақ, алма мен бақша өнімдері Қытай мен Өзбекстаннан және Қырғызстаннан әкелінеді. Қазақстанның импорт үлесін азайтуға мүмкіндігі мол. Алайда, салада әлі де шешілмеген мәселе көп. Мысалы, шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін субсидия көлемі ұлғайтылып, ұсақ шаруашылықтарды біріктіру арқылы кооперациялар құрылса оң нәтиже болар еді. "Сонда еңбек күші тиімді жұмсалады. Тауардың саны мен сапасы артып, нарықтағы баға тепе-теңдегі қалыптасады" дейді мамандар.    

 

Бақыткүл ЕЛШІБЕКОВА, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір әрбір жеке фермер 17  пайыз НДС,  3 пайыз коорпаративті табыс салығын  төлегенде - 15-17 пайыз салық төлеу ол оған ауырлау тиіп отыр. Ал,  егер кооператив болып, оларға салықтан жеңілдік берілсе  онда ол мүмкіндік болар еді. Фермердің де өзінің өнімін дұрыс бағаға тұтынушыға беруге, және тұтынушыға да осы бағаның сәл болса да арзанырақ болуына.

 

 

 

 

Сурет: Otyrar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер