Бейжіңде Шанхай ұйымы шеңберінде сауда-экономикалық әріптестікті дамыту жөнінде конференция өтті. Жиында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың арасындағы байланысты арттыру туралы сөз болды. Ұйым аймағындағы мемлекеттердің әрқайысысында ұлттық стратегиялық даму бағдарламасы бар. Келешекте оларды ұйым шеңберінде өзара үйлестірсе, бұл амуға жаңа серпін бермек. Қазақстан тарапы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың арасындағы байланысты арттыру керек деп есептейді.

 

Шахарбану Жакупова, ҚР Ұлттық экономика министрілігінің «экономикалық зерттеулер институты» басқарма төрағасының орынбасары

«Қазіргі уақытта бұл бағдарлама Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшелерін ғана емес, сонымен бірге бақылаушы елдер мен диалог жөніндегі әріптестердің де қызығушылығын тудырып отыр. Егер ғаламдық деңгейде алатын болсақ, ол дүниежүзінің көптеген елдерін қамтымақ. Бұл шамамен әлем халқының 45 % пайызы, саны 3 млрд. болатын халық және әлемдік жалпы ішкі өнімнің 23% пайызы.  Яғни, трансконтиненталды қарым-қатынас үлкен мүмкіндіктерге жол ашпақ».

 

Соңғы кездері Қазақ елі сауда-экономикалық әріптестікке, соның ішінде транзиттік-тасымалдағы әлеуетін арттыруға айрықша көңіл бөліп отыр. Қазақстанның жаңа экономикалық дамуына негіз болған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы да жүзеге асырылып жатыр.

 

Лю Хуацинь, ҚХР коммерция министрлігі жанындағы Еуропа институты директорының орынбасары

«Дүниежүзілік банк берген есеп,,, халықаралық сауда-саттық саласында кедергілер көптігін көрсетеді. Бұл елдер арасындағы байланысты арттыруға кері әсер етері сөзсіз. Инвестиция саласындағы ахуал да осындай. Менің ойымша болашақта Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аясында еркін сауда аймағын құруды зерттеп-зерделеуіміз керек. Ғаламдық экономиканың тәжірибесі бойынша қазір көптеген елдер бұл үрдіске белсене араласып жатыр. Кедендік салықтан босатып , саудаға кең жол ашуда. Біздің әріптестікке бұл тың серпін беруі тиіс.»

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың арасында қарым-қатынасты орнатудың тағы бір тетігі қаржы саласын ретке келтіру. Бұл ретте қазақстан тарабы Шанхай ынтымақтастық ұйымының даму банкін құруды тездету керек деген ұсыныс жасады. 

 

Сурет: РИА Новости

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер