Елбасы Абу Дабидің тақ мұрагері Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Әңгімелесу барысында саясат, сауда-экономика, көлік-транзит, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан  Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян  мемлекетаралық өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің елдеріміздің берік достық байланысының кепілі екенін атап өтті. Бұдан бөлек, тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің мейлінше өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

 

Сурет: akorda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер