Швейцария мен Қазақстан арасында білім саласындағы әріптестік нығая түспек.  Осы ретте шетелдік өкілдер  «Арыстан» мамандандырылған лицейінде болды. Болашақ әскери, әрі құқық қорғау мамандарын  дайындайтын мектеп 5 жыл бұрын мемлекеттік және жеке меншік әріптестік аясында ашылған. Қазір мұнда 240 бала оқиды. Делегация мүшелері  лицейдегі оқу жүйесі, техникалық мүмкіндіктер мен оқушылардың шығармашылық қарым-қабілетімен танысты. Болашақта  швейцариялықтармен физика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және кадр алмасу жайы да қаралмақ. Сонымен қатар,  экология мен, медицина саласында өзара тәжірибе алмасу ойда бар. Меймандар білім саласына инвестиция салуға да ниет білдірді.  

 

ГИ МЕТАН, ШВЕЙЦАРИЯ САУДА ПАЛАТАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Швейцария білім саласына көп көңіл бөледі. Әсіресе, жаңа технологиялар мен , орта-кәсіби техникалық білім берудегі тың жобаларын қазақстанға әкелуге даяр. Сонымен бірге  медицина мен денсаулық сақтау саласында әріптестік қарым-қатынас орнатқымыз келеді.  

 

Сурет: BProfi.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер