Халықаралық ЭКСПО көрмесіне дейін елімізде электромобильдерді қуаттандыруға арналған 100 станса салынады. Оның 40-ы Астанада, тағы 40-ы Алматы қаласында орналасады. Ал 20 станса екі шаһарды жалғап тұрған тас жолдың бойына тұрғызылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі мен еліміздегі электромобиль шығаратын компанияның өзара меморандумды бекіту барысында белгілі болды. Құжатқа қол қойған соң қала басшысы Бауыржан Байбек отандық электромобильді сынап көрді. Темір тұлпардың дыбыссыз әрі жылдам жүретінін байқаған ол болашақта қалалық әкімдіктің осындай көліктерді алуы мүмкін екенін атап өтті. 

 

БАУЫРЖАН БАЙБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ

Дизайны әдемі, жайлы машина екен. Экологиялық жағынан таза. Менің пікірімше джиптердің дәурені бірте-бірте өтіп барады. Адамдар ақшаларын үнемдей бастады. Жалпы көлік сән емес қозғалыс құралы болуы тиіс.  

 

Сурет: Ecotechnica.com.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер