Бизнесті дамыту бойынша жұмыс тобы Ақтөбе өңірін аралап жүр. Олар облыстың 5 ауданында кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырып, семинар-тренингтер өткізді, ісін жаңадан ашқан жас кәсіпкерлерге  көңіл бөлді. Шаруалар жұмыс тобы құрамындағы ауыл шаруашылығы саласын қаржылай қолдау ұйымдарының өкілдеріне өз талап-тілегін білдірді. Нәтижесінде  ұзын саны 71 кәсіпкерге 342 млн теңге жеңілдетілген несие берілетін болды. Бірнеше тұрғын салық органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, қажетті құжаттарын алды. Барлық көмек мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылады.

 

РИНАТ КЕМЕШОВ, БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ

Тап осы жерде шешім қабылдап жатырмыз, оның бірі осыдан бастап, құжаттарды жинайтын және кеңес беретін бір азаматтарды сол жерде, аудан орталықтарында отырғызып қою. Барлық құжаттар 100% жиналғаннан кейін, ол облыс орталығына әкеліп өткізетін болады. Осының бәрі нақты көмек. Және, өз тарапымыздан айтып кеткім келеді, лизинг механизмі ол кепіл затты талап етпейді. Тек 15% өз жарғын болса, 85% мемлекет өзі төлеп береді.

 

Сурет: Актобе Таймс

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер