Астанада саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың халықаралық форумында қазақ елінің 25 жылда жеткен жетістігі сөз болды. Жаһандық дағдарысқа қарамастан, еліміздің экономикасы дамып, сырттан 100 млрд доллар инвестиция тартылды. Орта және шағын бизнес дамып келеді. Отандық өнім әлемнің 111 мемлекетіне саудаланып жатыр. Білім мен денсаулық сақтау әлеуметтік қамсыздандыру салаларында маңызды реформалар жүзеге асты. Бастысы, еліміздің әрбір аймағында өсім байқалады. Ендігі меже - әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінін қатарына кіру.

 

БАҒЛАН МАЙЛЫБАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ  ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тәуелсіздік мәңгілік құндылық. Егемендік ел тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы. Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы табыстары Елбасының ерең еңбегінің жемісі. қазақстан 25 жылда әлем төріне озды. Елбасы ұсынған ұлт жоспары тәуелсіздікті нығайта түсудің бірегей  жолы. Оны мұқият іске асыру бәрімізге ортақ парыз.

 

Санаулы уақыттың ішінде мұндай жетістікке жеткен ел саусақпен санарлық. Осылай деген халықаралық сарапшылар Қазақстанның даму қарқынына таңданысын жасыра алмады.

 

ЯО ПЕЙШЭН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ СІМ ЕЛШІСІ:

Қазақстан біздің ең жақын көршіміз. Сіздердің елдеріңіз 25 жылда қарыштап дамыды. Қазақстанның орнықты даму үлгісі көптеген мемлекеттердің қызығушылығын тудырып отыр. Әрине бұл жетістік ынтымағы жарасқан халық пен Президенттің арқасы. Білікті жетекші болмаса, мұндай толағай табысқа жету мүмкін емес.

 

КАЙЗЕР МАРКУС ҚАЗАҚСТАН-НЕМІС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстанды бұрынғы Кеңестік республикалармен салыстырсақ, сіздердің дамудың даңғыл жолына сәтті қадам жасағандарыңызды байқауға болады. Қазақстан даму көрсеткіші бойынша көптеген елдерді басып озды. Мәселен, бір ғана "Болашақ" бағдарламасының аясында студенттер әлемнің жетекші оқу орындарында білім алып, елге келіп жұмыс істеп жатыр. Осының барлығы Қазақстан Президентінің тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақтастыққа негізделген саясатының жемісі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер