Қазақстан - атом қаруына қарсы мемлекеттердің көшбасшысы екенін күллі әлемге әйгілеген бірден-бір ел. Еліміздің Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше атануының өзі, әлем елдерінің бізге зор сенім артатынын аңғартады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Араб әлемі елдерінің ең танымал CNBC Arabia  телеарнасына берген сұхбатында айтты. Тәулігіне 24 сағат хабар тарататын CNBC Arabia бизнес-арнасын, араб елдері ғана емес, бүкіл әлем көреді, әрі санасады. Сондықтан да Қазақстан көшбасшысымен өткен салиқалы сұхбатта, Орталық Азиядағы қауіпсіздік, Сириядағы сергелдең, ядролық қарудың таралуы сынды жаһанның ең ірі жаралары қызу талқыланды. Елбасы бейбіт әлемде берекелі өмір сүру үшін, Қазақстан бірқатар елдерге арағайындық жасап, нақты жұмыстар жүргізіп жатқандығын жеткізді.

 

Ноха АЛИ, CNBC ARABIA ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ:

Сыртқы саясат туралы әңгімелесек, сіздер Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесінің   тұрақты емес мүшелігіне өтіп, үлкен жетістікке қол жеткіздіңіздер. Келесі жылдан жұмыстарыңыз басталады. Сол қауіпсіздік кеңесіндегі жоспарларыңыз қандай?

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз үшін өте үлкен сенім. Өте үлкен дәреже. Бұл мәселені осы Орталық АЗиядағы қауіпсіздік мәселені шешілмеген мәселелерді шешуге жұмсаймыз  ден сенемін. Әрине төңірегіміздегі болып жатқан Сириядағы лаңкестің мәселелергеде таяу шығыстағы мәселелерге де көңіл бөліп отыратын боламыз. Екі арасы  келісілмей жүрген көп мемлекеттердің арасына Қазақстан ара ағайындық жасап жүр.Ресеймен-Түркияның арасындағы жағдайды келістіріп екі елді достастыруға септігін тигіздік. Солай Украина мен Ресейдің арасындағы, Әзірбайжан мен Армения арасындағы жағдайларды түзеу үшін Қазақстан әр уақытта жұмысын жасап жүр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер