Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Париж келісімі арқылы экономикалық әріптестік және даму ұйымының талаптары енгізіледі. Сенат комитетінде аталған заң жобасын ратификациялау мәселесі қаралды. Халық қалаулылары оны жоғары палатада жан-жақты талқылау қажеттігін алға тартты. Жалпы Париж келісімі әлемдегі 80-нен астам мемлекетте ратификацияланған. Енді бұл тізімге еліміз де қосылуы мүмкін. Жоба баламалы қуат көздерін дамыту, парниктік газдардың таралымын азайту сынды маңызды міндеттерді қамтиды. "Бұл құжат еліміздің "жасыл" экономикаға көшу жоспарын жүзеге асырады", - дейді мамандар.

 

ҒАНИ СӘДІБЕКОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Жасыл" экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасында келесі мақсаттар қарастырылған. Альтернативті және жаңартылатын электр энергия үлесін 2030 жылға дейін 10 пайызға дейін. 2020 жылға дейін жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 25 пайызға азайту және қайта өңделген қалдықтардың үлесін 40 пайызға жеткізу.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер