Қазақстанда мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі жұмыс істей бастады. Яғни онда жұмысқа кіру, кадрдағы ауыс-түйіс мәселелерін тәуелсіз сарапшылар бақылауына алған. Нәтижесінде конкурстан тыс тағайындаулар мен ауысулар 25 есе азайған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова баяндады. Енді мемлекеттік қызметке тамыр-таныс арқылы орналасып, бірден басшы болу мүмкін емес. Себебі, үміткерді іріктеу сынақтары күшейтілген. 

 

Айгүл ШАЙЫМОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жасыратыны жоқ бұрын басшылар өздерінің сенімді адамдарын жоғары лауазымды қызметке тағайындайтын. Қазір бұл мүмкін емес.  Себебі, мансаптың өсуі төменгі қызметтен басталады. Бұл негізгі талаптардың бірі. Қазір оның нәтижесін көріп отырмыз. Жыл басынан бері төменгі қызметте болған 3 162 маман басшылық қызметке ауысты. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 3 есе жоғары.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер