Еуразиялық кеңістікті дамыту мәселесі Астанада өткен халықаралық жиында талқыланды. Қазақстанның интеграция жолы дұрыс әрі адал болады, деді өз сөзінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова. Ол бұл тұста «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының маңыздылығына тоқталды.  Бүгінде әлемдік геосаясатта мемлекеттердің экономикалық өзара әрекеттестігі басымдыққа ие болып отыр. Жаһандық сын-қатерлерге лайықты жауап беруде де интеграцияның маңызы зор, деді Мемлекеттік хатшы.

 

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда еуразияшылдық идеясы  аймақтық бірлестікке айналып үлгерген ЕЭО аясында сәтті жүзеге асырылуда.  ЕЭО аумағында 180 млн адам тұрады. Ал ІЖӨ болса, 1 жарым  трлн доллардан асып отыр.

 

Ерлан СЫДЫҚОВ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ РЕКТОРЫ:

25 жыл ішінде біз ортаазиялық ортақ  тарихты зерттеп жатырмыз. Оның үстіне ешқашанда еуразиялық кеңістікке шыға алмай жүрген жағдайда енді осы күрделі тақырыптарды да айқын зерттеп жатырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер