Швейцариялық кәсіпкерлер алматылық әріптестерімен бірге түрлі жобаларды іске асыруға дайын. Женева кантонының Экономика және қауіпсіздік министрі Пьер Модэ бастаған 30-ға жуық инвесторы қаланың әлеуетімен танысты. Шетелдік делегация құрылыс, туризм, көлік логистикасы, медицина және қауіпсіздік салаларына қызығушылық танытып отыр. Тараптар өзара пікір алмасып, келер жылдан бастап бірқатар ірі жобаны іске асыруды жоспарлаған. Статистика Агенттігінің мәліметінше, екі ел арасындағы сауда айналымы тек 7 айда 2,1 миллиард АҚШ долларына жеткен.

 

Қайрат Құдайберген, қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

Швейцариядан келіп жатқан делегация біздің қаламызға өте инвестициялық тартымдылығы мол қала деп және  Дуинг бизнестегі рейтингке қарап, біздің қаламызға келіп отыр. Медицина саласында, банктық саласында және құрылыс саласында инвестор ретінде өздерін қарап отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер