Француз киім үлгілерінің шебері патшайымдарға арнап тіккен көйлектерін Алматыда көпшілік назарына ұсынды. Өнер иесінің туындылары, негізінен Еуропадағы сарайларда сақталады. Дизайнер Ламин Моамад тіккен көйлектер бойы екі жарым метрге жуық сұңғақ сұлуларға арналған. Оларды қазір ешкім кие бермейді. Тарихтан сыр шертетін туындылармен алматылық жас дизайнерлер жақын танысып, автормен пікір алысты. Француз дизайнерінің айтуынша, еліміздің мәдени астанасына жеткізілген көйлектер қазір Шато Дан сарайы мен Шину ғимаратына тиесілі.

 

ЛАМИН МОАМАД, ДИЗАЙНЕР:

Байқап қарасаңыздар, көйлектердің матасы өте арзан, ұсқынсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ, өнер адамына ешқандай шек жоқ. Мен осыны жастарға түсіндіргім келеді. Ең бастысы, өз туындыңды жоғары деңгейде ұсыну қажет. Бұл көйлектердің матасы қандай болса да, қазір баға жетпес жәдігерге айналды деуге болады.

 

Сурет: bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер