Павлодар облысында этномәдени бірлестіктері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап концерт берді - Kazakh TV

Еліміздегі этномәдени бірлестіктер Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік шараларды бастады. Павлодардың «Достық» үйінің концерт залында «Иртышская линия» бірлестігінің мерейтойлық концерті өтті. Шығармашылық ұжымның репертуары халықтық фольклорға негізделген. Көпшілік назарына жиырмаға жуық байырғы туындылар ұсынылды. Халықтар достығына дәнекер болған өнер ұжымы көршілес  Ресей еліне де етене танымал. Ансамбль кезінде «Играй гармонь» бағдарламасына қатысып, ерекше көзге түскен болатын. Жалпы Павлодар облысында 24 этномәдени бірлестік бар. Бәрінің ортақ мүддесі - қоғамдық келісімді нығайтып, тұрақтылық тұғырын бекемдеу.

 

ВЛАДИМИР БОЖКО, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРЫС, СЛАВЯН ЖӘНЕ КАЗАК ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бейбітшілік пен келісімді нығайтып, халықтардың рухани дамуын қамтамасыз ету  үшін оның мәдениетін, салт дәстүрін, тілін, ділін сақтауға жағдай жасалсын -   деген Президент тапсырмасының іс жүзінде орындалғанына куә болып отырмыз. Бір шаңырақ астында бір  үйдің  баласындай тату тәтті өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанның азаматы екенімізді мақтан етеміз.

 

 

Сурет:  astana.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер